• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №249

333 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 2 қыркүйек, Астана қаласы «Мұрағат ісі және құжаттаманы басқару саласындағы кәсіби стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №296 бұйрығының күшін жою туралы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Мұрағат ісі және құжаттаманы басқару саласындағы кәсіби стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №296 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9089 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 29 наурызда №61 (28285) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мұрағаттық іс және құжаттама департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте: 1) осы бұйрықтың көшірмесін оған қол қойылған күнінен бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, ресми жариялау үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ «Келісілді» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ___________Т. Дүйсенова 2016 жылғы 5 қыркүйек